Азия мен Еуропаның арасында орналасқан Қазақстан, бұрынғы тарихи кезеңдерден бастап сауда және саяси байланыстың орталығы болып саналған. Қазақ хандығының құрылуы Батыс Дашт Қыпшағының, Жеті тілдің және Түркістанның ауқымды аумақтарындағы әлеуметтік-экономикалық және этнополитикалық процесстердің заңды жиыны болған. Қазақстан аумағын бұрынғы тарихи жазбалардағы рулар мен тайпалар мекен еткен. Ғұндар б.з.б. 1764 жылдардан бері, скифтер, сарматтар мен сақтар б.з.б. VII-VI ғасырлардан, түрктер, қаңлылар, қыпшақтар мен қарлықтар б.з.б. II ғасырлардан бері, дулаттар, арғындар, наймандар, керейлер мен алшындар б.з. VII-ХIII ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде белгілі болған. Қазақстан жерінде мекен еткен осы тайпалар қазақ халқының пайда болуына бар күшімен ықпал етті. Қазақтардың шыққан тегі және тарихы М.Тынышбаевтың жұмыстарында терең зерттелген. Ол қазақтардың Үлкен, Орта және Кіші жүз болып бөлінетіндігін жазған. Ал Ш.Уалихановтың айтуы бойынша, Алаш, әйгілі үш жүздің бірінші ханы, ХIV ғасырдың ортасында өмір сүрген. Сол кездерде халық арасындағы білім даму процессі оның саяси бірлестігінен де асып түскені белгілі болды.
Қазақстанды қазіргі заман елдер типологиясында алып қарастырсақ, келесі тармақтарға тоқталып кетуге болады: Қазақстан Республикасының жер көлемі 2724,9 мың шаршы километр. Дүние жүзінде жер көлемі рейтингі бойынша Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Үндістан, Аустралиядан кейін 9-шы орында тұр. Мемлекетіміз Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе және Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика аумағында барлығын бірге алғанда келесі мемлекеттерді орналастыруға болады екен, олар: Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Австрия, Голландия және Жапония. Осылайша, жер көлемі жөнінен ең үлкен мемлекеттер қатарына кіреді.
Қазақстанның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына экономикалық географиялық тұрғыдан баға беру
Қазақстанның ең негізгі байлықтарының бірі - оның пайдалы қазбалары. Дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдер ғалымдарының бағалауы бойынша Қазақстан пайдалы қазбалар қорлары бойынша дүниежүзінде алтыншы орын алып отыр, алайда бұл артықшылықты өзіне деген аса тиімділікпен пайдалана алмай отыр. Кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша, Қазақстанның барланған жерасты шамамен 10 триллион АҚШ долларына бағаланады. Қазақстанның табиғи ресурстарға аса бай, оған Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99 элементі еліміздің жерінде табылған.70-і ашылған, бірақ қазір тек 60 элементі ғана пайдалануда. Массачусетс технологиялық институтының (АҚШ) табиғи ресурстар мен электр қуат маманы доктор Даниель Файнаның бағалауы бойынша КСРО құлдырауыжылы (1991) хром кенінің 90%-ы, мыстың 26%-ы, қалайы мен мырыштың 33%-ы, вольфрамның 38%-ы бұрынғы КСРО жеріндегі Қазақстанда ғана болған. Бұған бұрынғы КСРО ішіндегі Қазақстан үлесіне бариттің 82%-ы, фосфориттің 65%-ы, молибденнің 29%-ы, бокситтің 22%-ы, асбестің 20%-ы, марганецтің 13%-ы, көмірдің 12%-ы келетінін қоса айту керек. Қазақстан - мұнай, газ, титан, магний, олово, уран, алтын және т.б. түрлі түсті металдар қорына бай елдерің бірі. Қазірдің өзінде, Қазақстан дүниежүзілік масштабта аса ірі вольфрам өндіруші ретінде саналады және оның қоры бойынша әлемде 1-ші орын алады. Хром мен фосфордың қоры бойынша 2-ші орын алады. Қалайы мен молибден қоры бойынша 4-ші орынды, темір кені қоры бойынша Бразилия, Аустралия, Канада, АҚШ, Үнді, Ресей және Украинадан соң болып 8-ші орын алып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанға АҚШ мен Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Турция, Иран, Пәкістан, Жапония және Қытай елдері қызығушылық танытулары ешкімге таңсық емес. Бұл ең алдымен еліміздің стратегиялық шикізат ресурстарында жоғарғы потенциалды болып мұнай мен газ екендігін білдіреді. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аумағында орналасқан 14 преспективті бассейндері белгілі, оларда мұнай мен газдың 160 кен орны анықталған, ал мұнайдың алынуға жататын қоры 2,7 млрд тоннаны құрайды. Алайда, бұл кен орындардың толық қолдана алмай жатырмыз. Егер де бұл байлықты толығымен пайдалана және жөнді жұмсай білсек, Қазақстан Сауд Арабиясы, Кувейт, Бірлескен Араб Әмірліктерінен қалыспаушы еді. Соңғы жылдардағы космос суреттері мен жердегі зерттеулер (Тенгиз, Прорва,Қаламқас, Қаражанбас) сияқты Батыс Қазақстандағы Каспий теңізінің жағасындағы мұнай өңдеу орындары бұл тек орасан зор мұнай орындарының шеті екендігін, ал оның ядросы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі жалпы қоры 3-3,5 млрд тонна мұнай кен орны екендігін көрсетеді. Сөйтіп, барланған және жердегі болжауланған қорлардың экспортқа шығарылған мұнай қоры 6,1 млрд тонна, газ қоры тек қана 6 триллион куб.метр құрады. Соның ішінде ең үлкен жылдық өндіру тек 26,6 млн тонна мұнай мен 8,2 млрд куб.метр газ құраған. Ал еліміздің өз тұтынуы 18-20 млн тонна мұнай мен жылына 500 мың тонна жанар-май, 16-18 млрд тонна газды құрап отыр. Қазақстанда қазіргі таңда 3 мұнай өндіруші зауыттары бар, олар:1945 жылы Атырауда салынған зауыт (5,2 млн тонна жылына), 1970 жылдара Павлодар мен Шымкетте салынған зауыттар (8 млн тонна мен 6,2 млн тонна). Соның ішінде, Павлодардағы зауыт өзінің мұнай өнімдерін толығымен, ал Шымкенттегі зауыт жартысынан көбін сібірлік (Ресей) бірыңғай мұнай құбырларымен тасылатын шикі мұнайдан алады. Әзірге Қазақстанда өндірілетін шикі мұнайдың аса көбі Ресейге кетіп жатыр. Сонымен қатар, көрсетілген зауыттарда жоғарғы октанды жанармай, электродты кокс, мұнайбитум, күкірт өндірсе де, жеңіл мұнай өнімдерін шығару 36-37%-ды құрайды. Ал өңдеу тереңдігі тек 48-50%-ды құрайды. «Шеврон» Батыс компанияларының ішіндегі 1992 жылғы Солтүстік Каспий жағалауында пайда болып, өзінің орасан зор инвестициялық жобасына 20 млрд АҚШ долларын салып, 2010 жылғы тек Тенгиз мұнай оңдеу орны бойынша жылына 36 млн тонна шикі мұнай өндіруге бел буған. Қазақстанмен бірлестік кәсіпорын «ТенгизШевронойл» болды. Осындай дүниежүзіне белгілі «Бритишгаз», «Аджип», «Элаф» сияқты тағы да басқа үлкен инвесторлар, аумақты масштабты жобалар, соның ішінде өндірістік инфрақұрылымдарды, теміржол магистральдарын, жаңа құбырларды Каспийлік порттардың өткізу мүмкіндіктерін ұлғайту мен салу Қазақстанға алдағы уақытта жыл сайын кем дегенде 70 млн тонна мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда дүниежүзінің мыс пен полиметаллды кеннің, никельдің, вольфрамның, молибденнің, тағы басқа сирек кездесетін металдардың қоры жатыр. Ең басты және дүниежүзілік мағынасы бар темір, марганец және хром кеніқорлары бойынша Қазақстан дүниежүзіндегі алдынғы қатарды алып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстанда 300-ге жуық алтын өңдеу орны, соның ішінде 173-і нақты барланған. Олардың ішінде алмас бұйым сапасын беретіндері де бар. Қазақстан ауқымды инвестициялар жүргізсе, бірнеше жылдардан соң жылына 100 тонна алтын шығаруға мүмкіндігі болады, ал қазір тек өзінің жер асты қорларының 1%-ын құрап, дүниежүзінде 6-шы орынға ие болып отыр. Қазақстан территориясында 100-ден астам көмір өндіру орындары анықталған. Солардың ішінде ең үлкендері болып Екібастұз кен орны және Қарағанды көмір бассейіні болып табылады. Ең тиімді жылдары көрсетілген бассейіндерде 131 млн тонна тас көмір қазып шығарылды. Қазақстан өзінің химиялық калий және басқа да тұздармен бораттар, бром қоспалары, сульфаттар, фосфорлар, лакты бояғыш өндіріске әртүрлі шикізаттарға да бай. Полиметаллды кендерің құрамындағы экономика үшін аса маңызды күкірт қыщқылы мен басқа да химиялық өнімдерді өндіруді ұйымдастыруға күкіртті колчиданның аса көп қоры мүмкіндік береді. Мұнай химиялық синтездің барлық өнімдеріне дерлік (этилен, пропилен, каучук) синтетикалық жуу құралдары мен сабын азықтық микробиологиялық ақуыз химиялық талшықар синтетикалық сымала және цементөақуыз химиялық талшықар синтетикалық сымала және цемент өдірісіне шектеусіз мүмкіншілігі бар.
Қазақстан шыны және фосфорлы қышы өндірісі үшін аса бай шикізат ресурстарына ие. Қазақстан мен жер асты таулары анағұрлым сирек кездесетін бағалытастар әр түрлі құрылыс және беттік материалдарға толы. Қазақстан жерінің өлшемсіз байлықтарына аса аумақты қолданысқа алынбаған минералды шипалы өндірісті және термалды суларын атауға болады.