Создать сайт на a5.ru
Более 400 шаблонов
Простой редактор
Приступить к созданию
Жалпы шолу
Зерттелу мақсаты: География ғылымы бойынша Қазақстан Республикасының танымалдық рейтингін арттыру мақсатындағы алгоритмін ұсыну, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті бағалау тұрғысынан Қазақстанның жағдайын талдау. Белсенді экспорттық саясатты жүргізу, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын қолда бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен қазақстандықтардың әл-ауқаты мен игілігін өсіру. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызатын бағыттарды, тетіктерді және құралдарды дамыту.
Зерттеудің жаңалығы:Алғашқы рет Қазақстан Республикасының әлемдік рейтингтер жүйесіндегі орны туралы ғылыми жоба жазылып тұр. Елімізге қатысты рейтинг түрлері анықталды, рейтингтің басты көрсеткіштері талданып, топтастырылды. Қазақстан Республикасының маңызды халықаралық рейтингтердегі орнының динамикасын көрсетіп, оны дамыту іс-шараларын ұйымдастыру зерттеудің жаңалылығы болып табылады.
Ғылыми зерттеу жұмысыныңнегізгі нәтижелері:
1. Қазақстанның танымалдық индексін арттыру бағыттары белгілі болды;
2. Қазақстанның әлемдік рейтингтер жүйесіндегі орны белгілі болды;
3. Қазақстанның танымалдығын арттыру мақсатындағы географиялық әдістер белгілі болды.

Сәлеметсіздер ме құрметті сайтқа кірушілер!
Сайтымыздың кіріспе бөлімі ғылыми жобамызға қысқаша шолу мақсатымен жасалған.
Жобаның нәтижелері Қазақстан және оның өңірлері үшін маркетингтік бағдарламалардың практикалық оқу құралы бола алады. Мәлімет жинағы ретінде, жобаның бөлек бөліктерін білім беру мекемелерінде, маркетинг, туризм, өлкетану, геосаясат курстарында қолдануға болады.
Ғылыми жоба барлығы 20 беттен құралған, оның зерттеу бөлімі 16 беттен тұрады. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу үшін 12 ақпарат көзі қолданылды, оның алтауы ғылыми кітаптар, алтауы ғаламтор беттері.
Хабарласыңыз!
aknurochka_98@mail.ru
jolenexabier@gmail.com
+7 701 912 12 08
+7 702 247 34 98
Астана қаласы 2015
Для редактирования данного текста дважды кликните по нему.
Астана қаласы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей оқушылары Бегалинова А., Тұрдалиева А.